Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дүниені тану баяны.
11 наурыз, 2021 жыл 183 Басып шығару нұсқасы

Адам нәпсі өзімшіл мінезбенен

Бос сөзбен қастаспай түзу келмес

                                    Хакім Абай

           Адамның бір аты пенде. Адамның пенделікке өтуі қалыпты жағдай. Жоғарыда айтылған бабалар аманатына қиянат жасамаймын деп үәде беріп, оны орындамай қиянат жасау. Мен, сен ,оның күнделікті өмірде пенделікті мойындауы. «Атымды Адам қойған соң, Қайтып надан болайын», деген Хакім Абай сөзінен адаммен пенденің арасында кісілік бар екенін білеміз. Кісілік пенденің адам болуға талпынып көтерілер баспалдағы. Өз нәпсіңмен соғыста осы жерде басталады. Дін ісімен, құдай ісін айыруда иман өлшемдерінің пәрменді ісін көреміз. Пенде халін жамандыққа итермелейтін нәпсімен ымыраға кеп достасу, адам нәпсіге айналу. Нәпсіге айналған пенде аманатқа қиянат жасап, құдайын ұмытады. Нәпсіге айналған пенде өзімшіл мінезді болуы, өзім дегенде «өгіз қара күш» бітеді. Жүрекке қара дақ түсіп ауырады. Пенденің надандықпен, еріншектікпен, зұлымдықпен тұратын ит өмірі басталады. Пенденің өзімшіл мінезі сабырсыз, арсыз надан жаман әдеті, білімсіз қылады, еріншектігі бар өнерге қарсы шығып, көрсе қызар жалмауыз зұлымдық дұшпандыққа апарады. Сорлы қазақ сол үшін алтыбақан алауыз болғаны, пенденің өзімшіл мінезінің надандығы мен есепсіз қалап алған жеке мінез міндері пендені сорлы етеді. Пендені сорлатып, қара басын қаңғыртып хас надан қылады. Надан көңілін қараңғылық пердесі басып, ақылды құлаққа ілу, наданға арам болуы. Нәпсіге айналған пендені іштарлық жайлап  рахаты кетеді, жалғаншылық боп адамгершілік кетеді. Әдептің сізі кетіп, әдепсіздік жайлайды.

Бас көзбен қарасаң нәпсі жалған,

Бір сұлу қыз сықылды жұр танданған.

Анық ақыл көзбен қарағанда,

Өзін берер қалыңға ол қыз алған.

Қылықты  қыз сияқты көріңгенмен

Есепсіз сансыз байдан жесір қалған.

                                                Хакім Абай.

        Рухтан безініп нәпсіні қалап оған құл болған пенде дүниеге дос, ақыретте бірдей болмайтын түсінбеген сорлылық, пенденің нағыз қорлығы. Халдегі мінездің сырына үңілсек екі сөзден тұрады «мін» және «ез» деген. Пенде үйде және түзде, өскен орта мен қоғамдық ортада, тілінде, ауызекі сөзінде, тұрмыс-тіршілігіндегі қарым-қатынастан пайда болған әдептің міндері мінездің есепсіз мінін құрайды. Сол міндер нәпсіге құл ғып, халдің еңсесін түсіріп ез етеді. Оның жігері жоқ, ақылдан кеңде тәңірі сорлы пенде етеді. Өзімшілдік бар жамандықтың өзегі. Жақсылықтың ұзақ болмай, жамандықтың әр кез тозбауы да содан. Қоғамдағы, ортадағы былық-шылық, өтірік- өсек айту, жақсылығын жасыралмай мақтану атақ- абыройына мансабына масаттану. Жаман ындынмен, жаман пиғылдан тұрған надандық. Осы надандықпен күреспейтін еріншектік. Бекер мал шашқан ысыраптық. Осыларды дұшпан көрмеу нәпсінің өлшемі.

Қанағат жоқ, жанталасып ақшаға ұмтылу, ақыретті ақшаға айырбастау. Нәпсінің жалғандығын түсінбеуден. Фәни тірілер үшін дайындыққа берілген уақытша мерзім екенін білмеуі. Қияметтің сотында бітпес пүшәйман болып өкініп қалмауды ойланбау. Пенденің жолын кескен қара мысық күнә. Сол күнә пенденің мінез-міндерінің қателіктері. «Мінездерін көргенде қайнайды қаным, ашиды жаным» деген Хакім Абай.  Жігерге сілкін, қайратқа беркін беретін ұят екенің түсінеміз.

                                                                                        Имам Мейрам қажы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары