Кеше Ақтөбе өкілдігі «Ақтөбе ақпарат» орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. Онда мешіттердегі Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары, құрбан шалу рәсімдері туралы ақпарат берілді.
Өкіл имам Төлеби Оспанның айтуынша, айт мерекесі 21 тамызда басталып, 3 күнге жалғасады. Айт намазы Ақтөбенің барлық мешіттерінде таңғы сағат 07.00-де оқылады. Барлық мешіттерде киіз үйлер құрылып, мереке мәдени, спорттық іс-шаралармен ұлттық нақышта атап өтілетін болады. Өкіл имам дәл осы күні мешіттерде «Мектепке жол» республикалық акциясы да жүзеге асатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, құрбандық шалынатын орындар атап өтілді. Құрбан шалу рәсімінің уақыты айт намазынан кейін басталады. Өкіл имам одан бұрын шалынған мал құрбандық болып есептелмейтіндігін ескертті. «Досжан хазрет» мешітінің бас имамы Азат Аймағамбетов тілшілерге орыс тілінде жауап берді.
Пікірлер