Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Наиб мүфти білімін жетілдіруші имамдармен кездесті
06 қазан, 2018 жыл 134 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Алматы қаласындағы «Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының» білімін жетілдіруші алыс-жақын шет елдерден, яғни  Ресейден 15 имам және Моңғолия елінен 1 имам, еліміздің әр облысынан келген 30-дан аса  имам-молдалар, ғалым ұстаздар Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Құсшы ата елді мекені «Мұхаммед Шүкір» мешітінде қонақта болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» бағдарламасы ұлт санасын жаңғыру аясында мәдени-елтанымдық іс-сапармен келген барша білім жетілдіруші имам-молдалармен сұхбаттасты.

Сұхбат аясында Наиб мүфти: «Зияраттау - ол үлкен ғибрат екендігін, бүгінгі еліміздің рухани ордасындағы әулиелер кесенесіне зияраттаған зияраттарыңыз қабыл болсын, Алла ілімдеріңізді арттырып, елге пайдалы, дінге жанашыр маман болыңыздар», - деген ықыласын білдірді.

Сөз барысын ғалым, профессор Ислам Жеменей, ғалым, ұстаз Мұхитдин Исаұлы, Ислам институтының директоры Кенжеәлі Мырзабай ұстаздар жалғап, ғибратты әңгімелер айтып, білімділіктің пайдасы туралы насихаттады. Сапар жайлы ойларын ортаға салды.

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
Жоғары