Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазандағы жолдауын кеңінен талқылады. Проректор, доцент Қ.Құрманбаев университет өмірінде қолға алынған өзгерістердің жолдаумен тіпті астасып жатқандығын да баса айтты. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданса, ұстаздар ұжымына да сол мәртебеге сай болу қажеттігі күшеймек.
Жалпыуниверситеттік гуманитарлық кафедра меңгерушісі, доцент Дариға Қапасова кафедра ұжымында өткен талқылау студенттердің білім алуы мен университет дамуына ықпал ететінін айтып өтті.
Сондай-ақ, проректор біршама жобалардың жүзеге асырылуы басталып кеткенінен де хабардар етті. Бұл әлбетте, ықылас пен жаңа идеяларды жүзеге асыруға деген ұжымның жанашырлығымен тығыз байланысты екендігі де айтылып, ел болашағы үшін қашанда жұмылған жұдырықтай еңбек ететін ұжымның мерейі үстем екендігі ескертілді.
Пікірлер