Өткен аптада Сырым ауданының орталық мешітінде «Құран - ғылымның төресі» атты Құранды жатқа оқудан жарыс өтті. Рамазан айының құрметіне өткен шараны аудандық мешіт және «Сырым» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ұйымдастырды.
Жарысқа қатысқан 13 шәкірт Құран сүрелерін жатқа және аяттарды жалғастырып оқудан сайысты. Олардың білім деңгейлері мен барынша қырағатқа сай оқу қабілеттерін Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы Ерденбек Ихсанов, аудандық мешітінің бас имамы Алишер Ералиев, «Сырым» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының Жасқанат Ерсайын және Тәжікстаннан келген қари Бехрис Рахимов бағалады.
Қорытынды бойынша Құранның 15 сүресін жатқа оқушылар арасында Ф. Майлықұл жеңімпаз атанды. Әбіл Отар мен Әділ Отар қалған орындарды бөлісті. Ал 25 сүрені жатқа оқудан С. Оразбаев І орын, М. Сағын ІІ орын , М. Отар ІІІ орын алды. Қасиетті кітаптың тұтас парасын жатқа білетін Ф. Қайыржанова Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бөлімінің жеңімпазы болып танылды. ІІ орынға Ә. Бақит, ІІІ орынға М. Лекен ие болды. Қалған қатысушыларға алғыс хат пен сыйақы табыс етілді.
Пікірлер