Маңғыстау облыстық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айында әйелдер- қыздар секторының жетекшісі Г.Жұмағалиеваның ұйытқы болуымен әйелдер шәкірттері арасында Шәмс – Нәс сүрелері аралығында Құран жарысы өтті.
Облыс бойынша Құран жарысына барлығы 58 қыз-келіншек қатысуға өтініш білдіріп, бағын сынады. Жарыстың шарты бойынша қатысушылар билеп бойынша түскен сүрелерді жатқа айтып, сонымен қатар таңдалған сүрені тәжуид қағидаларымен ашықтап беру болатын.
Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша I- орынды сегіз жасар Жанабаева Тұрғанай, II - орынды Үсейін Әмина, III - орынды Насыралы Оразкүл иеленді.
Жүлделі орын алған барлық шәкірттерге бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағаздары, ал қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Пікірлер