ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, қасиетті Қадір түнінің құрметіне орай, 200 отбасыға көмек көрсетілді.
Рамазан айында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен бастау алған «Рамазан – мейірімділік айы» қайырымдылық акциясының кезекті шарасында өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы 200 әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көпбалалы және жалғызбасты аналарға азық-түлік үлестірді.
Мүбарак айдың төрт жұмасында да өткізілген мейірімділік акциясында "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінің өзінде (облыс есептемегенде) 600-ге жуық тұрмысы төмен отбасы (мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы, жалғызбасты аналар және т.б.) қамтылды.
Пікірлер