Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім шарт бойынша Қасиетті Рамазан айында Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде бір ай бойы тарауық намазында Құранды бастан аяқ оқып, хатым еткен Кадыр Ишиль бауырымызға жамағат ризашылығын айтып қазақи дәстүр бойынша құтты қонағымыздың иығына шапан жапты.
114 сүре, 6666 аяттан болған сауапты, Алла Тағаладан қабыл болуын тілеп дұға қылған, өкіл имам Мақсат Қуанышұлы еліміздің іргесі аман болуын, тыныштығымыз тұрақты болуын, береке-бірлігіміз жарасып, қуаттана беруді нәсіп етсін деп дұға етті.
Дініміз тұрғысында 30 пара Құран аударылған жерде береке болады деген. Осы мақсатта әр облысқа қарилардың келуін қамтамасыз етіп отырған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіретке жамағат алғыстарын білдірді.
Пікірлер