Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешіті зағип жандарға «Рамазан қоржынын» үлестірді
«Әл Машани» мешіті зағип жандарға «Рамазан қоржынын» үлестірді

Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген.  Шаһарымыздың барлық мешіттерінде жүзеге асып жатқан «Ауызашар қоржыны» «Әл Машани» мешітінде де арасы үзілмей өткізіліп келеді. Бұл жолы  әлеуметтік жағдайы төмен 200 отбасыға және көз жанарынан айрылған зағип жандарға "азық-түлікке толы Рамазан қоржыны" таратылды. Игі шараға «Әл Машани»  мешіттің имамы Жанболат Қошкелдіұлы арнайы қатысып, Өзінің ізгі тілегін білдірді. Берекелі шараға мешіт жамағаты мен шаһар тұрғындары ат салысты. Кезекті бір хадисінде  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген. Қасиетті қадір түнімен тұспа тұс келген берекелі шара Рамазан айының соңына дейін жалғаспақ.

Алла Тағала баршамызға сауапты істен құр қалмауды  нәсіп етсін! Әмин!


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz