Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жалаңтөс батыр» зиратында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
03 наурыз, 2023 жыл 127 Басып шығару нұсқасы

   «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен  «Жалаңтөс батыр» зиратында діни рәсімдерге арналған түсіндіру жұмыстары болып өтті.Шараға Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамы Қанат Серікұлы және зират қызметкерлері қатысты.

Шара барысында ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» мекемесінің талаптары мен ережелері ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтулары мен  «Зират және зиярат мәдениеті» атты құжат негізінде жұмыс жасау қажет екендігі айтылды.  Салттық қызмет көрсету орталығының қазіргі уақытқа дейін атқарған қызметі талқыланды. Жаназа және жерлеу рәсімдерін, зират және зиярат мәдениеті мен ас беру әдептерін бір ізділікке түсіру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары