Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ҚҰРБАН АЙТҚА ҚАТЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ
22 маусым, 2023 жыл 177 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен  бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде алда келе жатқан Ұлық мейрам –Құрбан айтқа қатысты брифинг болып өтті. 

Брифингке ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы, «Шариғат және пәтуа» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Юсуфбек Шұғайұлы және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы құрбан айт күндері 28-29-30 маусымға тұспа-тұс келгенін айтқан болатын. Бүгінгі брифингте бас имам Естай Айтуғанұлы  28-шілде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде таңғы сағат 6:00-де айт намазы оқылатынын айтты. Сонымен қатар, арнайы құрбан шалуға қаладан 3 орын бекітілгенін жеткізді.  Өткен жылдардағы тәжірибеге сай құрбан шалу рәсімі көпшіліктің сұранысына орай, онлайн түрде «qurban2023.kz» сайты арқылы да жүзеге асатынын  жеткізді.

Сондай-ақ, бас имам құрбан айт мерекесіне орай мешіттерде өткізілетін іс-шаралар бағдарламасымен таныстырды.

Брифинг барысында құрбан айтқа қатысты сұрақтарға  жауап беріліп,  қала тұрғындарын құрбандық шалынатын орындардағы тазалыққа аса мән беруге шақырды.

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары