Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде «Отбасындағы ер адамның рөлі» тақырыбында әйелдер жамағатына дәріс өтті.
Арнайы дәрісті Қарағанды қалалық «Хазрет Әли» мешітінің имамы Әлімжан Қазақбайұлы жүргізіп, ислам дініндегі және қазақ отбасындағы ер адамның орны мен міндеттері жайында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мешіт шәкірттерінің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы