Center Image
IHSAN.KZ
Зират және зияратқа қатысты кездесу өтті
Зират және зияратқа қатысты кездесу өтті

 «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен Теміртау қаласындағы зиратқа қатысты бірнеше мәселе талқыға салынды.

Келелі кездесуге Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы және Теміртау қаласының конфессияаралық мәселелерді зерттеу және талдау орталығының директоры Нұрмаханов Нұрхан Алиұлы қатысты.

Шара барысында жерлеу рәсімдерін жаназа және жерлеу талаптарына сай жүзеге асыру, зират жерін кеңейту, зиратты зиярат ету тәртібі секілді мәселелер қозғалды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz