Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде «Таза әлем» сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды
«Әл Машани» мешітінде «Таза әлем» сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп,  «Таза әлем» акциясы ұйымдастырылды.

«Тазалық – иманның тең жартысы» деген хадисті ту еткен мешіт қызметкерлері мен жамағат имандылық ордасының ажарын аша түсті. Жылдағы үрдіс бойынша Алла үйінің ауласындағы көгал түрлі қоқыстардан тазартылды.

Сенбілік жұмысына мешіт имамдарының ұйытқы болуымен шәкірттер қауымы мен мешіт жамағаты белсене ат салысты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz