Center Image
IHSAN.KZ
«Бақытқа бастаған бағдаршам» атты Құран жарысы өтті
«Бақытқа бастаған бағдаршам» атты Құран жарысы өтті

  Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында "Бақытқа бастаған бағдаршам" атты  Құран жарысы болып өтті.

Шара барысында "Төлеутай ата" мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы  қатысушыларға Өзінің ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Өз  кезегінде әділқазылар алқасы сайысқа қатысушы шәкірттерге Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқуға қатысты  жарыс ережелерімен таныстырып өтті.
Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. 
Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:

 

І-орынды -Хамит Арман
ІІ орынды-Бекзат Абылай
ІІІ орынды- Серікбайұлы Диас. Барлық жеңімпаздарға қаржылай сертификатар табысталды.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

 

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz