Қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай Қарағанды қалалық "Төлеутай ата" мешітінде көмекке мұқтаж отбасыларға құрбан малының еті таратылды.
Құрбандыққа шалынған мал еті негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлыққа мұқтаж жандарға үлестірілді.
“Құрбан шалу жай бір жасай салар күнделікті іс емес. Құлшылықтың бұл түріне жіті көңіл бөле отырып, шынайы ниет қойып, малдың ең таңдаулысын құрбан ету – дүниеміз бен ақыретімізге орасан рухани пайда, сансыз сауап, көңілі қаяу жандарға жұбаныш сыйлайды”,- деді мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы