Үштөбе ауылдық "Қажыбай қажы" мешіті, әйел-қыздар секторы, Гүлімжан Уматаева және Гүлнұр Қаныбекқызы ұстаздардың ұйымдастыруымен, шәкірттер арасында "Жыраулар мұрасы -тәрбие тамыры" тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты халықтың тәлім тәрбие құралы болған ақын - жыраулар шығармаларын кеңінен насихаттау. Сайыста
Болашақ колледжінің оқытушысы, тілдер кафедрасының меңгерушісі Адамова Ғалия Шакенқызы және "Әнет баба" мешітінің ұстазы, "Әйел -қыздар секторының жетекшісі Әйгерім Төленді әділқазылық етті. Қатысушы топтар әртүрлі кезеңдер бойынша өзара сайысып, жеңімпаздарға жүлделі орындар беріліп, сыйлықтармен марапатталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы