ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің жамағатына «Толық адам тағылымы» тақырыбы насихатталып, Абай күні аталып өтілді. Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы ақсақалдардың басын қосып, мешіт жамағатының құрметіне берекелі дастархан жайды. Дәстүрлі бас қосуда Абай атамыздың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Сонда толық боласың елден бөлек» деп өсиет еткеніндей, толық адам Жаратқанның Өзін сүюге ұмтылып, рухани жаңғырудың шыңына ұмтылу екендігі түсіндірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы