Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Ас беру мәдениеті» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға Шахтинск қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мекемесінің мамандары қатысты. Мамандар мешіт қызметкерлеріне заңнамалық тұрғыда ас беру талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі