Қарағанды қалалық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жүрген шәкірттердің қыздар тобы қасиетті Рамазан айында сауапты істерді кеңінен жасауға ниеттенген болатын. Бас имам Орманбет қажының бастамасымен отыз күнге бағдарлама жасалып, Дінбасымыз Ержан қажы хазіреттің қасиетті айымызда қайырымды іс-шараларды молынан атқаруға үндеген мақсатын негізге ала отырып, нығметке толы әрбір күні әртүрлі ортада болу жоспарланды. Сонымен жақсы іс жалғасын тауып алғашқы онкүндікте он түрлі қайырымды іс атқарылды. 09-шілде. Қала іргесіндегі жалғызбасты ананың үйіне зиярат жасап, үй-іші жинастырылды. 10-шілде. Әбу-Ханифаның өсиеті кітабынан үзінді алынып, екі тілде дайындалды. Бүктеме ретінде жасалып халыққа таратылды. 11-шілде. Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасына азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді. 12-шілде. Мешітке келген жастарға сауалнама жүргізіліп, діни танымдық сұхбаттар жасалды. 13-шілде. №1-мешітіне «Тазалық- иманнан» хадисі негізге алынып күрделі тазалық жұмыстары мен сенбілік ұйымдастырылды. 14-шілде. Қарағанды облыстық мешітінің тазалықшыларымен бірлесіп, облыстық мешіттің ішкі кілемдеріне тазалық жасалды. 15-шілде. Психоневрологиялық балалар ауруханасындағы жарымжан балаларға қайырымдылық көмек көрсетілді. 16-шілде. Даму мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған облыстық балалар үйіндегі жеткіншектерге ойыншықтар тарту етілді. Олардың ортасында болып, мейірімділік көрсетілді. 17-шілде. Мешіт асханасындағы ауызашарға жиналатын қауымға арнап тағылымы мол бейнероликтер дайындалды. Осыған ұқсас қайырымдылық мақсаттағы іс-шаралар алдағы ораза күндері үздіксіз жалғасатын болады. Осындай жан-жақты атқарылатын маңызы мен сауабы мол істерді әрбір мұсылман өзінің қасиетті борышы деп білгені жөн.
[gallery link="file"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметіЖақсылық жасауда жарысқан жас шәкірттер
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы