Бас имам Орманбет қажы діни рәсімдер мен халық арасында жүргізілетін іс-шараларды бірізділікке түсіру мақсатында мешіт тарапынан халыққа қызмет етіп жүрген молдалардың кезекті жиынын өткізді. Осы бағытқа жауапты етіп бекітілген наиб имам Мұсағали Аясұлы жиында ақсақалдардың діни біліктілігін көтеру барысында қосымша дәрістерге қатысуын, Құран Кәрімді арабшадан жетілдіру, жаназаға жиналған кісілерді сапқа тұрғызудың барысы, халықтың арасында дөрекі мінез көрсетпеу, қабір басында атқарылатын іс-шараларды шариғат талаптарына сай атқару мен ысырапшылдыққа жол бермеу турасында мәселелерді талқылады. Атқарылып жатқан істерден есеп берген ақсақалдар халық арасындағы діни рәсімдердің барысы жайлы әңгімеледі. Бейіттер тазалығына тиісті адамдардың жіті қадағалауы қажет екендігін жеткізді. Бейітті тұрғызуда бірқалыпты тәртіпті енгізуді насихаттаудың нәтижесінде осы үрдіске елдің қалыптасып қалғандығын жеткізді. Қариялардың халыққа жасап жатқан қызметтерінің жүйелі атқарылуына және халық арасында рухани тәрбие мен үгіт насихаттың таралып отыруына байланысты жасалған кезекті жиын қариялардың бата жасауымен аяқталды.
[gallery link="file" columns="2"]
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Қариялармен өткен кезекті жиын
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы