«Бала қажы» мешітінде бірнеше жылдар бойы жөңдеу жұмыстары жүргізілмей құрылыс тоқтап қалған еді. Бірақ, мұсылман бауырларымыздың демеушілігімен күрделі жөңдеу жұмысы қайта жанданып, мешіт жаңа бояуға енді. Демеушілеріміз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірі санитарлық жағдайлар жасап, бірі жамағаттың ғибадатқа келген уақытында бар жағдайымен қамтамасыз етуге тырысты. Қашанда келісіп пішкен тоң, келте болмаған. Ынтымақпен, бірлікпен, ұжымдаса жасаған жөңдеуден кейін мешіт іші жайнап сала берді.
Қарағанды орталық мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы