Center Image
IHSAN.KZ
Колледждегі кезекті кездесу
 

Қала ішіндегі орта және жоғарғы оқу орындарының студенттерімен жоспарлы кездесу өткізуді өз міндетіне алған №1-мешіттің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы кезекті кездесуін Д.А.Қонаев атындағы колледжде жалғастырды. Білім ошағындағы жастарға алдымызда келе жатқан тәуелсіздік күнінің құрметіне орай азаттықтың ақ таңының қадірін білу, сапалы білім алып болашақтарын бекем бағамдау, дін мен дәстүрімізді ардақтау турасында сөз етті. Ең үлкен дағдарыс қаржылық дағдарыс емес, адамның өзін-өзі жоғалтуы екендігін түсіндірген бас имам қоғамда дүрбелең туғызатын лаңкестік әрекеттердің зардабы мен екі дүниедегі ауыр күнәсі жайлы тереңнен қозғап, адамның өзін-өзі тәрбиелеуі Алла алдындағы ең үлкен міндет екендігін жастарға насихаттады. Адамды адам ететін, бақытты ететін басты қасиеттер- оның рухының тазалығы, жүрегінің мейірімділігі, ар-ожданы мен парасат пайымы деп уағызын жан-жақты жүргізген бас имам кездесу соңында әртүрлі сауалдарға жауап берді.

[gallery link="file" columns="2"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz