Center Image
IHSAN.KZ
Отанды сүю - иманнан

Ислам діні ақиқат пен парасаттылық, адамгер­ші­лік пен кішіпейілділік қасиеттерге үндейтін ұлы дін болса, Отан сол қасиеттерді жүзеге асыратын, пенделерді өркениетке бастайтын ұғым. Ата-бабалар қорғаған, сарғайып күткен сағынышы, кейінгі ұрпақтарға мұра етіп қалдырған Отанның азаттығы бәрінен қымбат. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың  асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Алдымыздағы қаншама буын армандап, аңсаған тәуелсіздік тұсында тірші­лік кешудеміз. Отанды сүю, әрине, иманнан екені сөзсіз. Қасиетті жұма күні, яғни 14 желтоқсан Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Дархан Асылтайұлы Абай кентіне ат басын бұрды. Жиналған мұсылман жамағатқа «Отанды сүю – иманнан» тақырыбын қозғап, Абай атамыз айтқандай осы еліміздің бір кірпіші болып қалансақ, болашағымыз жарқын болмақ, ойлай білген адам үшін терең мағына екендігін айтып жұма уағызын жүргізіп қайтты. Жұма уағызынан кейін Ыбырай қажы батасын берді. Абай жұртшылығы жақсы қабылдап, ыстық лебізін білдіріп шығарып салды.

«Отанды сүю – иманнан» дей отырып,  Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Көк байрағымыз көгімізде мәңгі желбіресін! Алла басымыздағы бағымызды баянды етсін!

[gallery link="file" columns="2"] Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы Райымбекова Ақерке

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz