ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы кешегі өткен «Дін және дәстүр» атты облыстық жастардың ғылыми-танымдық конференциясына белсене қатысып, жан-жақты өтуіне ат салысқан бір топ имамдар мен мешіт қызметкерлеріне рахметін білдіріп, алғыс хат табыстады. Дінбасымыздың алға қойып отырған мақсаттарын, дін мен дәстүр сабақтастығын алдағы уақытта да жүйелі атқаруды алға тартқан өкіл имам осындай ауқымды іс-шараларды дамытуды міндеттеді. «Бірлік бар жерде - берекелі тірлік бар», - дейді дана халқымыз. Бұл ретте «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің де алғашқы іс-шараларын осындай кең көлемді конференциядан бастауы тәжірибелік тұрғыдан оң нәтижесін берді. Өкіл имам басшылығымен атқарылған конференцияның ұйымдастыру іс-шараларына белсене қатысқан: Қарағанды қалалық №1 мешітінің бас имамы Орманбет Болатұлына, Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамы Серік Амамбайұлына, Қарағанды қалалық №1 мешітінің найб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлына, Қарағанды облыстық орталық мешітінің іс-басқарушысы Қанат Тұрпанұлына, Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Олжас Жұмаділұлына:
«ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР»
атты облыстық жастардың ғылыми-танымдық конференциясына жетекшілік жасап, толыққанды өтуіне белсене ат салысып, ұйымдастыру іс-шараларына қосқан үлесіңізге шынайы алғысымды білдіремін. Жаратушы иеміз дін жолында жасаған қызметіңізге сауаптан нәсіп етіп, отбасыңыздың береке-бірлігін арттырсын деген мазмұнда алғыс білдірілді.
[gallery link="file" columns="2"]
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы