Center Image
IHSAN.KZ
Студенттермен кездесу өтті
Студенттермен кездесу өтті

Студенттермен кездесу өттіӨткен аптада Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Тағаев Нұрболдың ұйымдастыруымен Қарағанды мемлекеттік политехникалық колледждің студенттерімен кездесу өтті. Жастарымыздың діни сауатын ашу, дінаралық татулықты, мәдени және ұлттық құндылықтарымызды сақтау және дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ұлттық құндылықтарымызға тигізетін кері әсерін ашып көрсету мақсатында өткен кездесу студенттерге жақсы әсер қалдырды. Дін өкілдері әлемдегі өркен жайған барлық жаһандық дін атаулы адамды ешқашан озбырлық пен зорлық-зомбылыққа, қиянат пен қастандыққа, мемлекетіне, қоғамына қарсы шығуға тәрбиелемейтіндігін, керісінше, адамгершілікке, өзара түсіністік пен сыйластыққа, өзге ұлттар мен ұлыстардың сенім-нанымдарына, салт-дәстүріне барынша оң қабақ танытуға шақыратындығы жайында әңгімеледі. Сонымен қатар, қазіргі таңда жастарымыздың өзге діннің жетегіне кетіп жатқандары да аз емес. Оған жұмыссыздық, нашақорлық, қылмыс жасау сияқты елімізде белең алған келеңсіздіктер де арқау болып отыр. Осы мәселелерге қарсы тұру үшін жастарымыздың жан-жақты сауатын ашып, дәстүрлі діндерге деген қызығушылығын арттыру турасы сөз болды. Кездесуде аталмыш мәселелер кеңінен ашылып, дін өкілдері қатысушылардың сұрақтарына толық мағлұматтар берді.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі Тотия Енсебаева


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz