Center Image
IHSAN.KZ
Балқаш мешіті Құрбан айтқа толықтай дайын!

Бүгін Балқаш қаласының тұрғындары мереке қарсаңында қала іші мен мешіт маңында жинастыру жұмыстарын жүргізді. Арнайы техника жұмылдырылып, қала қоқыстан тазартылды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей тазарту жұмыстары дер кезінде аяқталды. Құрбандық шалатын орындар да сақадай сай. Алыстан мен-мұңдалап тұрған жазбалар торқалы тойдың келгенінен хабар беруде. Осылайша, Балқаш қаласының мешіті ұлық мейрамды өткізуге дайын! Құрбан айт –отбасылық мереке! Қала тұрғындарын мейрамдарымен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй тілейміз!

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="19102,19103,19104"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz