Center Image
IHSAN.KZ
АПАТТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР АЛЛА ҮЙІН ПАНАЛАДЫ
АПАТТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР АЛЛА ҮЙІН ПАНАЛАДЫ

Өткен аптада Индонезияның Ачех провинциясында орын алған жер сілкінісі жүздеген жанның өмірін жалмап, мыңдаған адамды баспанасынан айырды. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқанымен, қара жамылған жұрттың қайғысы сейілер емес.

Табиғат апатынан тұралап қалған Индонезия халқы қазіргі кезде көбіне пана іздеп құлшылық ордаларына ағылуда. Ачех провинциясындағы мешіттер бұл күнде әлеуметтік көмек орталығына айналып, зардап шеккендер бұл жерден ас-су ішіп, қажетті дәрі-дәрмектер мен басқа заттарды да алып отыр.

Сондай жандардың бірі  51 жастағы Сити Рукия есімді әйел төрт перзентімен  құлшылық ордасынан паналап отырғанын айтады. Жер сілкінісі басталған сәтте-ақ Рукия балаларын жетектеген күйі мешітке келіп тығылған екен. Ол, сондай-ақ, бұл жерде өзінің жүздеген ауылдасы жүргенін де жасырмады. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz