Center Image
IHSAN.KZ
«Олжас Есенұлы» қайырымдылық мекемесінің ұстазы Тохтар Ғабдоллаұлы Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды (фото)
«Олжас Есенұлы» қайырымдылық мекемесінің ұстазы Тохтар Ғабдоллаұлы Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды (фото)

«Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт»-, деген сөз бар қазақ даналығында. Облысымызда елеулі ұстаздық еңбегін адал атқарып, бірнеше шәкірттің биік жетістікке жетуіне себепші болып жүрген ұстаздар аз емес. Бүгін, ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанындағы «Олжас Есенұлы» атындағы қайырымдылық мекемесінің ұстазы Аскаров Тохтар Ғабдоллаұлы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Арнайы алғыс хатты Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы табыстап, Бас мүфтидің арнайы алғысы мен құттықтауын жеткізді. Дін қызметкерінің алдағы абыройлы қызметіне табыс пен береке тіледі.

 

НАЗИРА БАЙНАЗАРОВА

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz