16 - наурыз күні Саран қалалық мешітінің Бас имамы Саликов Мұхаммедқали қажы Сапарғалиұлы «Абай Құнанбаев» атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттерімен, оның ішінде қыз балалармен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Ихсан ілімі" аясында уағыз-насихат айтылды. Сондай – ақ, басты тақырып "Қыз бала тәрбиесі" жөнінде өрбіді. "Қыз бала - елдің көркі" демекші қыздың тәрбиесіне ата-бабаларымыз ерекше назар аударып, қызды қырық үйден тыйып отырған. Сол себепті қыздың жүріс-тұрысы, қылығы барша ұлтқа септігін тигізеді. Себебі, қыз бала-болашақ ана. Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін адам. Болашақ ананың тәрбиесіне қазірден бастап көңіл бөлген дұрыс. Иманды, ибалы ұрпақ ананың аялы алақаны, махаббат, мейірімімен өседі.
Кездесу соңында қосымша қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы