Языковая версия
Радио

Статьи

КӨКТЕМДЕ АҚИРЕТТІҢ ДӘЛЕЛІ БАР
05 апреля, 2017 года 813 Басып шығару нұсқасы

Иә, тол­ға­нып, ғиб­рат ал­мақ ниет­пен пі­кір ет­сек, әр­бір көк­тем қай­та ті­рі­лу­дің дә­ле­лі емес пе? Көк­тем қай­та ті­рі­лу­дің сан­сыз үл­гі­сі­не то­лы. Жазғытұрым жап-жа­сыл боп жай­қа­лып, күз­де жемісін бергеннен кейін күллі ағаш әле­мі адам­ның шашы ағарып, қар­тай­ғанын­дай жа­пы­рақ­та­ры сарғайып, со­лып, жерге тө­гі­ліп, өз­де­рі қу­рай бас­тай­ды. Қыс кел­ген­де өл­генге ұқсап, ап­пақ қар­дың ас­тын­да қа­ла­ды. Бойларынан зәредей де тір­ші­лік­ нышаны бай­қал­май­ды. Оларды қыс­та­ғы осы өлі қал­пы­нан соң, көк­тем­де көрейік. Жер бусанып, күн нұ­ры­на ма­лы­на бас­та­ған шақ­та күл­лі өсім­дік әле­мі әп-сәт­те бүр­шік атып, гүл­де­рін ашып, жап-жа­сыл бо­лып жай­қа­ла тү­се­ді. Өлген тіршілік иелері көк­тем­мен бірге қай­та ті­рі­ле­ді. Міне, ойлана білгендерге ғибрат мол.

 

 

Бұл аз десеңіз, күз­де то­пы­рақ­қа тү­сіп кө­міл­ген әр түр­лі дән­дер мен да­қыл­дар­ ші­рі­ді, біт­ті, өл­ді деп ой­лай­мыз. Алай­да ол көк­тем­де ал­ғаш­қы кей­пі­нен де ке­ре­мет түр­де қай­та ті­рі­ліп, қа­ра жер­ді қақ жа­рып шы­ғып, жай­қа­ла өсіп, жер бетін жа­сыл ре­ңі­мен бояп тас­тай­ды. Тіп­ті бі­реу бо­лып өле­ді, бір­не­ше бо­лып ті­рі­ле­ді. То­пы­рақ ас­тын­да ші­рі­ген дән-да­қыл­ды көк­тем­де қай­та ті­рі­лт­кен Алла, өзі­нің жер бе­тін­де­гі ха­ли­фа­сы адам ба­ла­сын да қа­бір­де ші­рі­ген­нен кейін көк­тем тә­різ­дес Хашыр кү­ні қай­та ті­ріл­те­ді.+

 

 

 

 

 «Имани гүл» кітабынан

 

 

Muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Календарь

    Кітапхана

    Жоғары