Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ИСМАЙЫЛ (А.С) ПАЙҒАМБАР ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК
23 маусым, 2016 жыл 368 Басып шығару нұсқасы

1.     Исмайыл (а.с) Ибрахим пайғамбардың Ажар анамыздан туған көптен күткен тұңғыш ұлы.

2.     Ажар мен Исмайылды Мекке ойпатына апарып тастау туралы әкесіне Алла Та`аладан уахи келіп,  Алланың әмiрiмен әйелi мен емшектен шықпаған баласы елсiз шөлге апарып тастайды.

3.     Бiрнеше күннен кейiн Ибраһим (а.с) қалдырған су таусылып, Ажар мен Исмайылды шөл қыса бастады. Қаталап шөлдеген Исмайыл жанын қоярға жер таппай шыңғырып жылады. Не iстерiн бiлмей сасқан Ажар жүгiрiп Сафа тауына шығып, айналаға көз тастады. Маруа тауы жағынан бұлдырап су көрiндi. Жүгiрiп онда барғанда, бұлдырап көздi алдаған сағым болып шықты. Осылайша ол екi тауға жетi рет шығып, түстi.
Кенет әбден қалжыраған Ажардың құлағына бiр дауыс естiлдi. Жалт қараған Ажар баласының өкшесi тиген жерден су шығып жатқанын көреді. Бұл Зәм-зәм еді.

4.     Біраз уақыт өткеннен кейін осы орынға суды көріп Джурхум тайпасы қоныстанды. Араб тайпалары осы кезден бастау алады.  Осылайша Мекке ойпаты бiрте-бiрте елдi мекенге айналды. 

5.     Исмайыл (а.с) жеті не он жаста болғанында Ибраһим(а.с) түс көредi. Түсiнде Алла аян берiп, Исмайылды құрбандыққа шалуды бұйырды. Осы түс үш рет қайталанды.

6.     Алланың әмiрiн орындау – пайғамбарлардың басты парызы. Ибраһим (а.с) бұйрықты орындауға бел буды, бірақ Алланың қалауымен пышақ өтпей, Исмайылдың (а.с) мойнын кеспеді. Оның орнына Алла Тағала құрбандыққа көктен қойды түсірді. Осы уақыттан бері құрбандыққа мал соятын болды. 

7.     Алла Тағала Ибраһимға (а.с) Меккеде Аллаға құлшылық қылатын ең басты үй – Қағбаны тұрғызуды бұйырды. Бұл бiр кездегi елсiз ойпатқа қоныстанушылар көбейiп, Меккенiң қалаға айнала бастаған кезi едi. Исмайыл (а.с) әкесімен бірге қасиетті Қағбаның орнын тауып, қайта тұрғызады.

8.      Қағба толық біткен кезде, Хақ тағала оларға Қағбаға тауап ететін қажылықтың парыз болғандығын жария етуіне әмір берді.

9.     Исмайылдан (а.с) Набыт және Хизар атты екi ұл туып, олардан бүкiл хижаз арабтары тарады. 

10.     Исмайыл (а.с) анасының қасында хажар Исмайылда жерленген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары