Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНЕ ДЕМАЛЫС КҮРКЕСІ УАҚЫП ЕТІЛДІ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНЕ ДЕМАЛЫС КҮРКЕСІ УАҚЫП ЕТІЛДІ

Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының бастамасымен және жомарт жандардың қолдауымен мешіт ауласына жамағат игілігі үшін жаңа демалыс күркесі салынып, уақып ретінде пайдалануға берілді.

Бұл сауапты іс мешітке келушілерге қолайлы жағдай жасап, олардың бас қосып, тынығып, рухани сұхбат құруына арналған игі тарту болды.

Осы қуанышты оқиғаға орай арнайы дастарқан жайылып, жамағатқа ас берілді. Шараға ҚМДБ «Уақып» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Нұрбол Әділмұрат арнайы қатысты.

Басқосу барысында аудан имамы ізгі іске мұрындық болып, құрылыс жұмыстарына демеушілік көрсеткен және белсенді атсалысқан азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ олардың еңбегіне құрмет ретінде Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Уақып – сауабы үзілмейтін қайырымды амалдардың бірі. Осындай игі бастамалар мешіттің көркеюіне ғана емес, елдің ауызбіршілігі мен ынтымағының нығаюына да зор үлес қосады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz