Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің жанынан мәйітхана бой көтеріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады.
Жаңа нысан марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімдерін діни талаптарға сай ұйымдастыруға, сондай-ақ тұрғындарға сапалы әрі жүйелі қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
«Қамқор-Шарапат» орталығының басты мақсаты – жаназа және жерлеу рәсімдерін біріздендіріп, шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрге сай өткізу мәдениетін қалыптастыру. Бұл игі бастама аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, діни қызметтің сапасын арттыруға өз үлесін қоспақ.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы