Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісі осы сусындарды ұнататын
18 наурыз, 2017 жыл 790 Басып шығару нұсқасы

Салқын су

Джабир мынадай оқиғаны баяндайды: «Бірде Алла елшісі ансарлардың бірінің қалын сұрауға келді және су сұрады. Сол үйдің қасында арық болатын, бірақ Алла елшісі: «Егер сізде құмырада түннен қалған су болса ішер едім, жоқ болса арықтан ішемін»-деді.

Убада ибнуль-Валид  Джабир ибн Абдуллахтың мына сөзін жеткізген: «Ансарлардың бірі Алла елшісі үшін суды ескі сабаға құйып, құрма пальмасының бұтағына іліп салқындататын».

Айша анамыздың айтқаны: «Алла елшісіне салқын әрі тұщы су ұнайтын».

Алла елшісінің стақаны

Иса ибн Тахман   Сәбиттің мынадай сөзін жеткізеді: «Бірде  Анас ибн Мәлік металл білезікті ағаш стақанды көрсетіп: «Сәбит! Бұл Алла елшісінің стақаны»-деді

Анас: «Осы стақанға мен Алла елшісіне барлық сусынды: су, тұнба, бал және сүт құйдым»-деген.

Мухаммад ибн Исмаил: «Бірде мен Анасқа келдім. Оның үйінде ағаш стақан болды. Ол: «Пайғамбар осы стақанмен ішетін және онымен жуынатын»-дегенін жеткізеді.

Алла елшісі сүтті ұнатқан

Ибн Аббас: «Барлық сусынның арасынан Алла елшісі сүтті жақсы көретін»-дейді.

Басқа риуаятта Ибн Аббас Алла елшісінің мынадай сөзін жеткізеді: «Алла кімге ас берсе сол: «О, Алла! Бұны маған қайырлы қыла көр және бұдан жақсысын нәсіп ет»-деп айтсын. Алла кімге сүт берсе, сол: «О, Алла! Осы сүтті біз үшін қайырлы ет және біз үшін көбейте көр»-деп айтсын. Жейтін ас пен ішер сусынды сүттен басқа не алмастыра алатынын мен білмеймін»

Сондай-ақ, Алла елшісі арпа немесе бидай сорпасын ішкен. Анас : «Осы стақаннан Алла елшісі салқын су, сүт, тұнба, бал және сорпа ішетін»-дейді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары