Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Егер тілегің дәл қазір орындалады десе...
12 қаңтар, 2021 жыл 797 Басып шығару нұсқасы

     Бір күні хазірет Омар (р.а.) жиналғандардан: − Егер тілектерің дәл қазір орындалатын болса, не тілер едіңдер? – деп сұрапты. Сонда олардың бірі: − Көп алтыным болса, бәрін Ислам жолында жұмсар едім, – депті. Ал екіншісі:

− Осыншалық байлыққа кенелсем, мен де Ислам дініне пайдамды тигізер едім, – дейді. Қалғандары да осы тектес армандарын айтады. Хазірет Омар (р.а.) бірақ ешбірінің жауабын құптағандай сыңай танытпайды. Көпшілік халифаның өзінің не қалайтынын сұрағанда, ол: − Мен Муаз, Сәлім, Әбу Убәйдә секілді мұсылмандардың тәрбиеленгенін қалар едім. Бұл Исламның дамуы үшін жасалған үлкен қызмет болар еді, – деп, асқақ арманының қайырлы ұрпақ тәрбиелеу екенін білдіреді. Біз де баламыздың тәрбиесін ерте жастан қолға алып, бойына имандылықты еге білсек, өскенде қоғамға пайдалы тұлға болуына жол ашамыз.

«Исладағы бала тәрбиесі» кітабынан

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары