Қарағанды 08:51 Күн
  • 07:17 Таң
  • 08:51 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Шәууәл айындағы 6 күн оразаны қашан ұстау керек?

Шәууәл айы он екі айдың ішінде алғашқы күні мерекемен басталатын жалғыз ай. Айдың бірінші күні айт мерекесімен басталғаны, бұл айдың қасиетті екендігіне көз жеткізеді. Рамазан айындағы парыз оразаны өтеп болған соң, Шәууәл айынан бастап, Алла тағалаға нәпіл ғибадаттар арқылы жақындай түсу мүмкіндігі туады. Шәууәлдағы қосымша құлшылықтардың ең негізгісі - алты күндік ораза. Муслимнің "Сахихында" келген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтып, сосын оның  артынан Шәууәлда алты күн ораза ұстаса, ол жыл бойы ораза тұтқанның сауабын алады» - деген. Бұл хадис Шәууәлдағы алты күн оразаны тұту Аллаға сүйікті амал екенін білдіреді. Бірақ, осы алты күн ораза ұстауды дұрыс түсінуіміз қажет. Көптеген азаматтар бір жыл ораза тұтқанмен бірдей деген деректі естіп, рамазан айының парыз оразасын ұстамай тек Шәууәл айында ғана алты күн ауыз бекіткен дұрыс деп есептейді. Бұл қате түсінік! Отыз күн оразаға Шәууәлдағы алты күнді қосып тұтудың бір жылдық оразаға тең келуін ислам ғалымдары былай түсіндіреді: «Әрбір жақсылық кемінде он еселенеді. Рамазандағы отыз күніміз үш жүз күнге татыса, одан кейінгі Шәууәлдағы алты күніміз алпыс күнге тең келеді».

Күнтізбе бойынша Шәууәл айы маусымның 25-не кіреді. Шәууәлдің бірінші күні Ораза айт мейрамы болғандықтан, бұл күні ауыз бекітілмейді. Ахмадтің "Муснәд" жинағында Пайғамбарымыз (ﷺ): "Кімде-кім Рамазан оразасын ұстаса, бір  ай он айға тең келеді. Ал айттан кейінгі алты күннің оразасы екі айға тең. Барлығы бір жылдың оразасына тең", - деп айтқан. Яғни, хадисте: «айттан кейінгі» деп тұрғандықтан, Шәууәл айының оразасын айттан кейін бастаған абзал. Ораза айт күндері біткен соң, шәууәл айының 6 күндік оразасын ай соңына дейін көңілі қалаған уақытта ұстай беруге болады. Шілденің 24-і шәууәл айының соңғы күні болып есептеледі.

Баршамызға Алла жар болғай! Рамазан және Шәууәл айындағы оразалар қабыл болып, ниет, амалдарға мол сауаптан жазғай!

 

Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы

Теміртау қалалық орталық мешіттің бас имамы

                                                                                                    

 

ihsan.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    07 желтоқсан 2018 жыл Мұндай малға ен салу харам
    03 желтоқсан 2018 жыл Шуба кию күнә ма?
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика