Center Image
IHSAN.KZ
ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ
ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

Қарағанды қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстарына арналған арнайы жиын өтті.

Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік мекемелер мен сала мамандары қатысты.

Кездесу барысында Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, құрбан шалынатын арнайы орындардың дайындығы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, қоғамдық қауіпсіздік, тазалық жұмыстары, ветеринарлық бақылау және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, мереке күндері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заң талаптарына сәйкес жұмыстарды үйлестіру және қайырымдылық шараларын ұйымдастыру бағытында бірқатар нақты міндеттер белгіленді.

Жиын соңында жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, Құрбан айт мерекесін ұйымшылдықпен әрі талапқа сай өткізу қажеттігі атап өтілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz