Халықаралық отбасы күніне орай, Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ұстазы Келдібек Қуатбекұлының ұйымдастыруымен «Жастар ісі» секторы бағыты аясырда «Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» және «Исламдағы отбасы: сүйіспеншілік пен құрмет» тақырыптарында жас жұбайлармен рухани кездесу өтті.
Іс-шара барысында отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен мейірім, сондай-ақ ислам дініндегі жанұя институтының маңызы кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға берекелі отбасының негізі – өзара түсіністік, жауапкершілік пен сыйластық екені жан-жақты насихатталды.
Кездесу барысында мешіт наиб имамы Рахметов Қанат отбасының берекесі, ер мен әйелдің міндеттері және жанұя ішіндегі өзара құрмет пен сүйіспеншіліктің маңызы туралы тағылымды насихат айтып, жастарға ой салды.
Сонымен қатар, жас жұбайлар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға пайдалы кеңестер мен пікірлер ұсынды. Іс-шара жастардың рухани танымын арттырып, отбасының қоғамдағы орны мен жауапкершілігін тереңірек түсінуге ықпал етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы