Қарағанды 12:58 Бесін
  • 06:53 Таң
  • 08:23 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 15:36 Екінті
  • 17:23 Шам
  • 18:53 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Ер адамды қадірсіз ететін жағымсыз қасиеттер

Көпшілік қауым ерлік, ер, азамат болу кез-келген ер адамның өзгермейтін қасиеті деп есептейді. Биологиялық тұрғыдағы сипаттамалардың болуы нағыз еркек болуды анықтамайды.  Ендеше қазіргі таңда ер адамдарды қадірсіз етіп жүрген мына жағымсыз қасиеттерге көңіл бөліңіз.

Алланың тура жолынан алыстап кетпеңіз. Қасиетті Құранда біз нағыз ер деп атайтын сенушілердің бір тобын былайша сипаттайды: «Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады» («Ахзаб» сүресі, 23-аят). Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары Әнас пен көптеген өзге сахабалары Аллаға берген анттарына әрдайым адал болып, опасыздық жасамаған, уәдесін табанды орындап, анттарын бұзбаған. Ислам бізге осылайша Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен оның саңлақ сахабаларының хақ жолындағы ерен еңбектерінің нәтижесінде таза әрі нәзік жолмен жетті.

Рухани жағынан бойыңызды таза ұстамау сізді қадірсіз етеді. Құранда Алла Тағала былай деген: «Алғашқы күннен тақуалық негізде салынған бұл мешітте намаз оқу әлдеқайда артық. Ол жерде тазалықты жақсы көретін адамдар бар. Алла да тазаланғандарды жақсы көреді» («Тәубе» сүресі, 108-аят). Құранда мешітте «тазалануды ұнататын адамдар бар» дейді: олар мешітке келеді, тазаланады, жуынады және осы үшін сауап алады. Алла Тағала оларды жақсы көреді, өйткені, олар «тазаруды жақсы көреді». Осылайша, бұлар шынайы ерлер деп аталудың құрметіне ие болған нағыз ерлердің бастапқа белгісі. Әсіресе, қоғамда ерліктің шынайы мағынасын айрылып әрі барлық нәрсенің Жаратушысы Аллаға деген сенімін жоғалтқан кезеңде осы санаттың адамдарын мешіттерден байқауға болады. «Адам болатын жігіт алдыменен өз нəпсісін билейді. Сонан кейін ауылын билейді. Ауыл билеген аймағын билейді» деген керемет халық даналығы осы жан тазалығын айтса керек.

► Суық ақыл, жауапкершілік, өздеріне артылған жүкті, аманатты сезіну – тек мықтыларға тән қасиет. Қандай қоғам болмасын, қандай адам болмасын уәдеге беріктікті қашанда құптап, сөзінде тұратын жанды құрметтеп, сыйлап өткен. Дініміз ислам да мұсылманнан уәдесіне берік болуды талап етеді. Біздің бабаларымыз үшін де уәдеге беріктік, сөзінде тұру мәселесі қоғамда үлкен маңызға ие болған. Екі сөйлегенді, уәдесінде тұрмағанды қатты сынға алып, өлімнен бетер қорлық санаған. Берілген уәдені орындамау Алланың құлға берген ақысын аяқ асты ету деген сөз. Мұсылман кісінің берген сөзінде тұруы діни тұрғыдан бекітілген міндеттердің бірі. Себебі, Құранда: «Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады», («Исра» сүресі, 34-аят) делінген. «Қашан серттенсеңдер, Аллаға берген серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар», («Нахыл» сүресі,  91-аят) деп тағы жа ескертеді. Мұсылманның арманы Жәннат болса, жәннатқа жетелейтін  амал көп-ақ. Сол амалдың ішінен алты амалды орындаған мұсылманға Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәннатты сүйіншілеп әрі жәннатқа кіретіні жайында кепілдік беремін деп айтқан болатын. Сол алты амалдың бірі – уәдеде тұру. Олай болса, қадірлі бауырым, жәннатқа жетелейтін осы амалдарды толық орындап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кепілдігімен Жәннатқа кіруге асыққан жөн болады.

► Досқа адал, өсек, өтірік, ғайбаттан алыс жүріңіз. Өтірік айту – ең ауыр күнәлардың қатарында. Жалпы мұсылман қауымына жалған куәлік беріп, өтірік айту мүлде жараспайтын жат қасиет. Ал егер бұл төбемізге көтеріп ұстайтын ерлеріміздің бойынан кездесіп жатса, тіптен ұсқынсыздау көрінетін мүлде жат қылық. Бірде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдардан: «Сендерге ауыр күнәләрға не жататынын айтайын ба?» – деп үш рет сұрады. Біз: «Әрине, иә Алла Елшісі!» – дедік. Сонда ол: «Бұл – көпқұдайшылық және әке-шешеге құрметсіздік таныту», – деді, осыны айтқанда, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шынтағына жантайып жатқан, сосын (шынтағын алып) отырды да: «Және де, расында, ол – өтірік айту және жалған куәлік беру!» – деп, қайталап айта бергені соншалық, біз: «Айтуын қойса екен!» – дегенше айта берді» (Бұхари, Муслим). Алла Тағала Құран аяттарында өтірік айту туралы былай дейді: «Сондай-ақ өтірік сөзден сақтаныңдар» («Хаж» сүресі, 30-аят), «Негізінде, Раббың әлбетте бақылаушы» («Фәжір» сүресі, 14-аят). Сондай-ақ, Ибн Омардан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте: «Расында, түсінде көрмегенін көрдім, деп (көрмеген түсін) айтып беру, өтірік айтудың ең жаман түрлерінің біріне жатады»  делінген (Бұхари).

Нантапқыш, еңбекқорлық, мақсаткерлік қасиет сізді нағыз ер етеді. Дана халқымыз бұл жөнінде: «Жаман болатын жігіт шегіншек келер, Кедей болатын жігіт еріншек келер» деп асыл сөздермен ескертіп кеткен. Бос уақытын дұрыс пайдалана білген адам тіршілікте де, құлшылықта да үлкен жетістікке жетеді. «Бір күні екінші күніне ұқсап өтіп жатқан мұсылман ұтылып жатыр» деген екен ғалымдар.  Еңбекқор, білімге құштар адамдар өсек-өтіріктен, ғайбаттан, күнәдан да алыс болады. Себебі, пенденің өз ойларымен, жұмыссыздықта қалып қоюы, нәпсі мен шайтанның жетегінде кетуге итермелеп, оны опатқа ұшыратуы мүмкін. Бір адамның он адамға, жүз адамға, тіпті мың адамға тең келетін кезі болады. Тарих беттерінен бір халыққа татитын азаматтардың болғанын білеміз. Данышпандардың «Жүрегі ұлы істерге деген талпынысқа толы еркек халықты жандандырады» деген сөзінде жан бар.

Аз сөзділік, көп істілікке құмар, мылжыңдықтан алыс болыңыз.  Ер азаматтық – өмірдің кез келген жағдайында намысы мен абыройын сақтауға, өзін пайдасыз әрі әуре-сарсаң істерден алыс ұстауға итермелейтін қабілет. Бұл – азды көп, кедейді бай, әлсізді мықты ететін күш. Алла алдындағы, отбасы алдындағы, отаны, діні, өзге мұсылмандар және өзі алдындағы міндетін түсінген және іске асыра білген – нағыз ер азамат болмақ. Әрбір айтқан сөзіңізді ісіңізбен дәлелдеп отырсаңыз, азаматсыз. Ал алдымен сөзіңіз ісіңізден озып кетіп жатса, опық жейсіз. Көп сөзділікке берілген кейбіреулерді көргенде күрсінесің. Көп сөйлеу адамды жексұрын қылып көрсететінін түсінесің. Адам күнәні тілмен де жасайтынын ескерсек, көп сөйлеу сол тілмен жасалатын күнәлардың санын арттырады.

Ойлап тұрсақ жігіттер,

Көп қой біздің қатамыз.

Әрбір сөзді көп сөйлеп,

Көп күнәға батамыз – деп Қаблиса жырау көп сөйлеу қателікке ұрындыратынын айтып насихат еткен. Егер көңіліңізде мұң, реніш, денеңізде әлсіздік, ризықта кемшілік және берекесіздік болса, мұның бос және орынсыз сөздерден туындағанын біліңіз.

Осы жат қасиеттерден алыс жүретін азаматтар еңбекпен тапқанын алуға келгенде асықпайды, уәде оларды еліктірмейді, ал қауіп тіптен қорқытпайды. Олар жеңістеріне азғырылмайды, жеңілісте ешқашан еңсесін түсірмейді. Сондықтан, осындай дәрежеге жетемін деген адам өзіне ең алдымен – Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұстаз тұтып, үлгі еткені дұрыс.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    15 қараша 2018 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    13 қараша 2018 жыл Ең керемет әке
    13 қараша 2018 жыл Құбыла бағыты
    06 қараша 2018 жыл Аллаға еркелесем...
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика