Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дұға қабыл болатын уақыт...
18 сәуір, 2021 жыл 1891 Басып шығару нұсқасы

Араб тіліндегі «дуъаа» сөзінің мағынасы «сұрау», «жалбарыну» дегенге келеді. Аллаға дұға ету деген сөз Оған жалбарынып, әр нәрсенің қайырлысын сұрау дегенді білдіреді. Басқа бір адамға дұға ету ол адамға жақсылық тілеу дегенге саяды. Демек, дұға пенденің Раббысынан жалбарынып сұрауын білдіреді.

Осы тұста айта кететін бір жайт, жасаған дұғасы қабыл болуы үшін әр мұсылман дұғаның әдептері мен шарттарын, қабыл болу ықтималдығы жоғары уақыттар мен қабыл болуын тосатын кедергілер жайлы хабардар болғаны дұрыс.

Дұға қабыл болатын уақыттар хадистерге негізделіп айтылған. Сол уақыттарды тізіп көрсетеміз:

Қадір түні;

  • Парыз намаздарының соңы;
  • Түннің соңғы бөлігі;
  • Азан мен қамат арасында;
  • Парыз намаздарына азан айтылғанда;
  • Намазға қамат айтылғанда;
  • Жаңбыр жауғанда;
  • Жұма күнінің бір сағаты;
  • Зәмзәм суын ізгі ниетпен ішкен кезде;
  • Сәждеде жатқанда;
  • Түн уағында ұйқыдан тұрып, қылған дұға;
  • Жүніс пайғамбардың дұғасымен тілесе;
  • Басқа бәле-қаза төнгенде;
  • Дәрет алғаннан кейін;
  • Арафа күні;
  • Рамазан айында;
  • Мұсылмандар жиналып Алланы зікір еткен кезде;

                    Зул-хижжа айының алғашқы онкүндігінде;

 

Енді осы ретте рамазан айындағы дұға қабыл болар уақытта айтар болсақ, «Ораза ұстаушының ауыз ашар алдындағы дұғасы қайтарылмайды» делінген хадисте (Ибн Мәжәһ, Хаким). Сондықтан, әр күні ауызашар уақытында 5-10 минут ертерек қамданып, дәрет алып, дұға жасағанымыз дұрыс. Ол дұғаның қабыл болуының да өз шарттары бар:

Бірінші шарт: Ықылас-ынта. Ол – дұға мен оған амалды барлық күмән туғызатын нәрселерден таза орындау, барлық істі бір Аллаға тапсыру;

Екінші шарт: ұдайылық. Бұл – тек дұғаның ғана емес, ғибадат түрлерінің барлығының да шарты;

Үшінші шарт: Алла тағалаға шын сенім мен дұғаның қабыл болуына анық илану;

Төртінші шарт: дұғаны жүректен шығару, Раббыдан қорқу, Алланың алдындағы мол сауаптан үміт етіп, жазаларынан жасқану;

Бесінші шарт: дұғаны нық шешіммен, ыждағаттылықпен, байсалдылықпен тілеу. Мұсылман Раббысына тілеу тілегенде айнымас нық шешіммен, ынты-шынтысымен беріліп дұға қылуы керек. 

Ендеше, «үш түрлі дұға қабыл: Ораза ұстаушының, жәбір шеккеннің және мүсәпірдің» (Әл-Байһақи). Алла Тағала қабыл болатын дұға нәсіп етсін!      

 Валиев Ахмадулла

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары