Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ білім турасында машһур хадисте былай айтқан: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», деген.
Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай» ата» мешітінде фиқһ дәрістері басталды. Мешітке келіп, ілім аламын деген кез-келген жан дәріске әр бейсенбі, ақшам намазынан кейін қатыса алады.
Алла баршамызға екі дүниенің пайдалы ілімін нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы