Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітіне «Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығының» қызмет алушылары арнайы зиярат жасап, мешіт ұжымымен жүздесті.
Кездесу барысында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы қонақтарды мешіт ғимаратымен таныстырып, оның тыныс-тіршілігі мен атқарылып жатқан рухани-ағартушылық жұмыстар туралы айтып берді.
Сонымен қатар, имам жамағатқа имандылық, адамгершілік, сабыр мен ізгілік құндылықтары жөнінде тағылымды насихат айтты. Адамның өмірдегі қиындықтарды еңсеруінде рухани тәрбие мен жақсы ортаның маңызына тоқталып, әрбір адамға қоғамнан өз орнын табуға ұмтылудың маңыздылығын жеткізді.
Жиын барысында қонақтар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, рухани бағытта пікір алмасты.
Іс-шара соңында мешіт қызметкерлері орталық қызмет алушыларына жылы лебіздерін білдіріп, алдағы өмірлеріне береке, тыныштық және жақсылық тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы