Халықаралық жастар күніне орай Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде жастарға арналған «Жастар және отбасы» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға мешіттің жастар ісі секторының өкілдері мен қала жастары қатысты.
Семинар барысында отбасының қоғамдағы орны мен маңызы, жастардың отбасылық құндылықтарды бойына сіңіруі, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктің маңызы кеңінен талқыланды.
Шара барысында спикерлер жастарға отбасы құрудағы жауапкершілік, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, шаңырақтың берекесін сақтау және отбасылық құндылықтарды нығайту жөнінде ислам құндылықтары негізінде тағылымды ой-пікірлерін жеткізді.
Сонымен қатар қатысушыларға отбасы – қоғамның негізгі тірегі екені түсіндіріліп, жастардың болашақ отбасына жауапкершілікпен қарауының маңызы айтылды.
Семинар-тренинг өзара пікір алмасу форматында өтіп, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы