Абай аудандық орталық мешітінде Рамазан айының құрметіне орай әйелдер жамағаты арасында күнделікті Құран хатым жобасы жүзеге асып жатыр.
Алланың қасиетті кітабын оқып, хатым еткен ақ жаулықты әжелер мен әйелдер жамағатына «Құран оқудың артықшылығы» және «Рамазан – Құран айы» тақырыптарында уағыз-насихат айтылды.
Одан кейін іс-шараға жиналған шәкірт-аналар осындай рухани іс-шараға ұйытқы болған аудан имамы мен мешіт ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Жамағат еліміздің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігін тілеп, дұға жасады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі