18 қазан – Рухани келісім күні қарсаңында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы Нұра аудандық мешітінің имамы Ерлан Серікұлы аудандық орталық мұражайда жастармен өткен рухани кездесуге қатысты.
Келелі кездесу барысында имам ел тыныштығы мен бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің маңыздылығына тоқталып, жастарға рухани келісім мен өзара сыйластықты дәріптейтін уағыз-насихат айтты.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, қоғамдағы татулық пен ынтымақты нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы