Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қаржылай және киім-кешек түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Игі шараның негізгі мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосу, сондай-ақ қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Қайырымдылық – адам бойындағы мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, олардың жағдайына бейжай қарамау – халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Осындай игі бастамалар қоғамдағы өзара құрмет пен бауырмалдықты нығайтып, адамдарды жақсылық жасауға үндейді.
Мешіт тарапынан ұйымдастырылған бұл шара әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, қайырымдылықтың маңызын насихаттауға да бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы