Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде «Жүрекке жол тапқан иман» атты семинар өтті
«Бала қажы» мешітінде «Жүрекке жол тапқан иман» атты семинар өтті

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ұстаз Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен «Жүрекке жол тапқан иман» атты рухани семинар өтті.

Семинар барысында жүректің адам өміріндегі маңызы, оны рухани тұрғыдан түзету, тазарту және иманмен көркейту мәселелері кеңінен қозғалды. Қатысушыларға жүрек тазалығының құлшылыққа, көркем мінезге және адамның рухани дамуына әсері туралы тағылымды ойлар айтылды.

Семинардың ерекше сәттерінің бірі – шәкірттердің «Жүрегіме аманат» атты параққа Рамазан айына дейін орындауға ниет еткен ізгі амалдарын жазуы болды. Бұл бастама әрбір қатысушының өзіне рухани есеп беріп, жүрегін тазартуға, көркем мінез қалыптастыруға, құлшылығын арттыруға және Алла Тағалаға жақындай түсуге деген ниетін айқындады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz