Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінде «QUIZ UI» зияткерлік куиз ойыны өтті.
Зияткерлік додаға Ақадыр кенті “Иса молла” мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды.
Танымдық сайыстың мақсаты – қатысушылардың білім деңгейін, логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығын сынау, сондай-ақ интеллектуалдық ойын мәдениетін дамыту.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен алғырлықтарын ортаға салды. Мұндай танымдық шаралар білім көкжиегін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытып, қатысушылардың өзара ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы