Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде еңбек адамдарына таңғы ас берілді
«Әнет баба» мешітінде еңбек адамдарына таңғы ас берілді

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Дін мен дәстүр» бағытының ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Ізгі шара барысында қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген көше тазалықшыларына арнайы таңғы ас беріліп, шаруаға қажетті сый-сияпаттар табысталды.

Бастаманың негізгі мақсаты – қоғам игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға қолдау көрсету, сондай-ақ мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын насихаттау.

Іс-шара барысында Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы дәстүр мен ізгілік тақырыбында тағылымды насихат айтты. Сонымен қатар Құран аяттары оқылып, ел амандығы мен еңбек адамдарының игілігі үшін дұға жасалып, бата берілді.

Қайырымдылық – қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттыратын ізгі амал. Осындай сауапты бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz